Жаңалықтар

Ақтөбедегі жаппай төбелес: 8 жасөспірімге оқ тиіп, біреуі қаза тапты

Ақтөбедегі жаппай төбелес: 8 жасөспірімге оқ тиіп, біреуі қаза тапты
Фото: pixabay.com 06.03.2025 17:47 158

Ақтөбе қаласының прокуратурасы былтыр мамыр айында болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың мал базары маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Оқиға салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, бұл іске байланысты 10 адам тергеуге алынды.

Дереккөздерге сүйенсек, жанжал барысында қатысушылар атыс қаруын қолданған және пышақпен қаруланған. Тергеу материалдарына сәйкес, қаза болған бала алдымен көлікпен қағылып, кейін бірнеше жерінен пышақталған. Осы дерекке қатысты облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Құқық қорғау органдары күдікті 10 адамды қолға түсіріп, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс 26 ақпан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға