Ақтөбедегі тікұшақ апаты: майор Батыр Оразымбетовті жерлеу рәсімі өтті
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
11.11.2024 15:26
687
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апатты жағдайда қону кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.
Еске салайық, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Құтқарушылар өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескен жоқ – Дмитрий Песков
Келесі жаңалық
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды