Жаңалықтар

Ақтөбедегі оқушының өліміне қатысты соталды тергеу басталды

Ақтөбедегі оқушының өліміне қатысты соталды тергеу басталды
Фото: © iStock 15.12.2023 10:10 875

Ақтөбедегі оқушының өлімі бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды, тергеу барысын облыс прокуроры жеке бақылауға алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы прокуроры көмекшісі сөзінше, 14 желтоқсанда қаладағы орталық балалар ауруханасында 2010 жылы туған, 7-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Қайтыс болған оқушының сыныптастарының оның сыныпқа жүгіріп келіп, партаға соғылып, құлап түскенін айтады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция басқармасы мен Ақтөбе қаласының прокуратурасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Айта кетейңк, бұған дейін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға