Жаңалықтар

​Ақтөбедегі оқушы өлімі: Тағы бір күдікті қамауға алынды

​Ақтөбедегі оқушы өлімі: Тағы бір күдікті қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.09.2024 20:35 887

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы 9-сынып оқушысының өлімінен соң екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталған болатын. Полиция бүгін тағы бір күдікті қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атаған факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кезекші тәулікте осы оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды. Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде. Үш кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ​Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады. ​Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында,-деді облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Біз бұған дейін Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қақтығыс кезінде мектеп оқушысының өлтірілгені туралы жаздық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға