Жаңалықтар

Ақтөбедегі HERIOT-WATT UNIVERSITY-ге шетелдік талапкер құжат тапсырды

Ақтөбедегі HERIOT-WATT UNIVERSITY-ге шетелдік талапкер құжат тапсырды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 22.06.2024 12:44 332

20 маусымда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt кампусы «Компьютерлік инженерия», «Электр энергетикасы» және «Мұнай инженериясы және энергоменеджмент» білім бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдайды.

Heriot-Watt кампусының ақылы бөліміне алғашқылардың бірі болып құжат тапсырған талапкер анықталды. Талапкер Тула облысынан келген ресейлік азамат.

Heriot-Watt халықаралық кампусының болашақ студенті “Электр энергетикасы” мамандығын таңдаған. Бұл саланы таңдау себебін сұрағанда аталған мамандық өте перспективалы деп санайтынын және жалпы физика мен математиканы оқуға қызығушылық танытатынын айтты.

Айта кету керек, бұл Ақтөбедегі британдық оқу орнының филиалына ақылы негізде оқуға түскен алғашқы талапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға