Ақтөбеде жолда қалған 82 шетел азаматы құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
23.01.2025 09:05
467
Жолаушылар автобусы Шымкенттен Ресейге бара жатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобустан ақау шығып, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
ТЖМ қызметкерлері 82 жолаушы (Өзбекстан, Тәжікстан және РФ азаматтары), оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
