Жаңалықтар

Ақтөбеде жол ережесін 119 рет бұзған жүргізуші жазаланды

Ақтөбеде жол ережесін 119 рет бұзған жүргізуші жазаланды
Фото: Видеодан кадр 27.09.2024 22:28 418

Ақтөбе полицейлері “Қорғау” жүйесінің көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жылдамдық режимін асырған.

Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңгені құраған. Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жолдардағы жауапсыз мінез-құлық көбінесе қайғылы оқиғаларға әкеледі. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көптеген шетелдік көлік жүргізушілері жазадан құтыла алады деп үміттенеді, бірақ олай емес. Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады,-делінген облыстық ПД мәліметінде.

Айта кетсек, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан астам фактісі анықталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға