Жаңалықтар

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты
Фото: © Polisia.kz 28.08.2023 14:24 977

26 тамыз күні сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан  24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самара-Шымкент автожолының  Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға