Ақтөбе облысында жоғалған ер азамат табылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
01.03.2025 23:16
691
Жоғалған адамды іздеуге құтқарушылар жұмылдырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Т.Жүргенов ауылының құтқару қызметіне ер адам қоңырау шалып, 1991 жылғы туысының түскі уақытта жылқы іздеп, сол күйі хабарсыз кеткені туралы ақпарат берді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері, полиция қызметкері және хабар беруші шықты.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылғы ер азамат «Қамқа» қыстағынан аман-есен күйде табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған ер адам жол іздеп, адасып кеткендігін хабарлады. Сонымен қатар құтқарушыларға өз алғысын білдірді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«GULDER» ансамблінің гала-концерті өтті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 6 көлік қар құрсауында қалды