Жаңалықтар

Ақтөбеде жаңа көпсалалы медициналық орталық ашылды

Жобаның құны 1,6 млрд теңгені құрайды
Ақтөбеде жаңа көпсалалы медициналық орталық ашылды
Фото: gov.kz 16.12.2022 06:18 1197

Ақтөбеде жаңа көпсалалы медициналық орталық ашылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбенің медициналық қызметтер нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Шипагер-С» көпсалалы орталығының филиалы осылайша жұмысын бастады.

Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылған.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Өңірде өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және дер кезінде көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар атқарылуда. ҚР Президентінің ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2023-2024 жылдары 29 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны, ауданаралық заманауи ауруханалар салынады. Біздің мақсатымыз – облыстың барлық тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету. Сондықтан біз мұндай жобаларды қолдауға дайынбыз, – деді мекеменің ашылуына келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Айтуынша, өңірдегі барлық медициналық мекемелер ауруларды сапалы диагностикалаумен қатар,  емделушілердің барынша медициналық көмек алуына жағдай жасау керектігін баса айтты.

Жаңа медициналық орталықта ауданы 4200 шаршы метрлік емхана, 640 орындық аурухана, күндізгі стационар, рентген, эндоскопиялық бөлімшелер, зертхана бар. Кабинеттер соңғы технологиялармен жабдықталған – магнитті-резонанстық және компьютерлік томографиялық сканерлермен, сондай-ақ патологияны дамудың ерте кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік беретін соңғы буынның басқа да диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға