Ақтөбеде зейнеткердің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
21.12.2023 14:04
958
Ақтөбеде ер адам зейнеткердің атына тауарлық несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 30 жастағы ер адам 65 жастағы танысының үйіне барып, ипотека құжаттарын рәсімдейтінін айтып, телефоны арқылы екінші деңгейлі банктің қосымшасына кіріп, электроника дүкенінен оның атына тауарлық несие рәсімдеген. Атап айтқанда, күдікті құны 439 мың теңге тұратын iPhone 13 телефонына тапсырыс берген.
Зейнеткер өзінің атына тауарлық несие алынғанын бірнеше күннен кейін біліп, полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға