Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
28.08.2023 16:10
722
Жедел басқару орталығының камералары құрамында Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Huindai автомобильдері болған үйлену тойы кортежінің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеді. Бұл туралы ҚР ІІМ-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде көмір бағасы 15 пайызға өсті
Келесі жаңалық
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады