Ақтөбеде үйінен шығып кеткен 13 жастағы баладан әлі хабар жоқ

Үйінен шығып кеткен 13 жастағы Жетру Кәрмінен әлі хабар жоқ, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылды.
Полиция үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, орман алқаптары тексеріліп жатқанын мәлім етті.
Сондай-ақ, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, - дейді полицейлер.
Айта кетейік, аутизм диагнозы қойылған Кәрім 4 маусым күні ата-әжесінің үйінен шығып кеткен еді.
