Ақтөбеде үйін су басқан шаруа қожалықтары құтқарылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
27.03.2024 00:30
697
26 наурыз сағат 23.30-да қардың еруі мен еріген су ағынының салдарынан Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Бірлік ауылынан 7 км жерде "Алтынай" шаруа қожалығының үйін су басты, депхабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен Ембі қаласына 3 қызметкер эвакуацияланды.
Ал Шалқар қаласының аудан орталығынан 10 км қашықтықта 67 разъезде еріген қар суының жиналуынан 4 үй мен 2 аула учаскесі су астында қалды.
Шалқар қаласына 6 адам эвакуацияланды. Еріген қар суын бұру бойынша авариялық-құтқару және инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 43 адам және 2 техника тартылды. 32 ірі қара мал қауіпсіз аймаққа құтқарылды,-делінген ТЖМ мәліметінде.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды