Ақтөбеде тұрғын үйде өрт шығып, 21 адам эвакуацияланды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
19.10.2024 20:05
618
Ақтөбеде көпқабатты тұрйғын үйде өрт шықты Оқиға Бөкенбай батыр көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 қабатты тұрғын үйдің 2 және 3-қабаттарындағы электр қалқанында электр сымдары жанған.
Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршының және үш иінді сатының көмегімен 21 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
