Жаңалықтар

Ақтөбеде тұратын жалғыз соғыс ардагері 101 жасқа толды

Ақтөбеде тұратын жалғыз соғыс ардагері 101 жасқа толды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі 02.01.2025 07:36 854

Ақтөбе облысында тұратын Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Василий Грецкий 101 жасқа толды. Майдангер Хромтау ауданында тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ардагердің үйіне барған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов пен Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов  қарияны туған күнімен және жаңа жылмен құттықтады. Олар өз сөздерінде ардагердің жасаған ерлігі мен елге деген адал қызмет етуі бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалағанын ерекше атап өтті.

Облыс әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Василий Грецкий 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан ол 1942 жылы майданға аттанып, Украинаның, Беларусьтің, Польшаның, Чехословакияның және Германияның майдандарында шайқасқан.

Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алған ардагер бүгінде 3 баласынан 6 немере, 10 шөбере сүйіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға