Жаңалықтар

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған адамға үкім шықты

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған адамға үкім шықты
Фото: t.me/knbgov_kz 14.04.2025 10:10 507

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс шеңберінде, оның айналасындағыларды лаңкестер жағында шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталды.

Тінту барысында одан 2 автомат, 8 тапанша, 8 мылтық, 3 шолақ қару, жасырын тасымалданатын гарнитурасымен 6 радиостанция, 3 түтін шашкасы, 1 жарық гранатасы және 581 патроны табылды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық сотының шешімімен Каскелең қаласының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталды.

 Фигурант Қазақстанда резонансты зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлаған.  Осы мақсатта басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, оларды өз қатарына тартуға әрекеттенген, - деп қосты комитет.

 Жалпы осы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 адам, сондай-ақ 2 шетел азаматы сотталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға