Ақтөбеде тағы бір әйел көпқабатты үйден секіріп кетті
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінен 27 жастағы әйел секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйден 1996 жылы туған әйел секіріп кетті. Ол 8-қабаттан секірген. Қазір себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін, Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты үйдің 18-ші қабатынан екі әйел секіріп кетті.
Оның бірі 31, екіншісі 56 жаста. Оқиға 24 сәуір күні сағат 01:48 шамасында болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты.
Қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.