Жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Ақтөбеде су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 03.03.2025 07:30 479

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентті.

Бұл жолы 30238 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымында «Жаман Қарғалы»  өзенінің ауданында су арналарын тазарту жұмыстарын атқарды. Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы орган, ТЖМ қызметкерлері және Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің 100 сарбазы қатысты. 

Бүгіндк ұзындығы 600 метр болатын су арнасының 500 шаршы метр қары тазартылды. Су басу қаупі бар аудандардан қар шығару, су арналарын тазарту, жағалауларды бекіту, бөгеттер жасау және су бағытын бұру жұмыстары әлі де жалғаспақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға