Жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам көмек берілді

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам көмек берілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 19.05.2024 17:46 683

Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі кезде Ырғыз ауданында тасқынға қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр. Қ

ұйлыс пен Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайтуға әскерилер, төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Ал өзге аудандарда тасқын салдарын жоюмен қатар үй салу жұмыстары жалғасуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға