Жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендер материалдық шығынды өтеуге 300-ден астам өтініш берді

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендер материалдық шығынды өтеуге 300-ден астам өтініш берді
Фото: primeminister.kz 07.04.2024 21:00 561

Облыс бойынша 94 зардап шеккен тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді. Жалпы 2024 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық залалдарын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссиялар құрылған. 7 сәуірдегі жағдай бойынша 2018 өтініш түсіп, комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында 1482 үйді аралаған.

Ойыл ауданында су деңгейінің төмендемеуі себебінен мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Келтірілген залалдың төлемдері тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындылары бойынша жүргізіледі. 

Айта кеетйік, тіркелмеген мүлікті, көбінесе бау-бақша шаруашылығын бағалау үшін бөлек механизм әзірленеді. 

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау орталығы жұмыс істейді. Барлығы 10 күн ішінде шамамен 300 тонна (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) жиналды. Оның ішінде 215 тонна тауарлар мұқтаж тұрғындарға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 524 ерікті көмектесуде.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб жұмысын вице-премьер Серік Жұманғарин үйлестіруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға