Жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқынымен күресіп жүргендерге арнайы киімдер тігілді

Ақтөбеде су тасқынымен күресіп жүргендерге арнайы киімдер тігілді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 29.03.2024 14:33 879

Ақтөбе облысында су тасқынымен күресушілер үшін 1000-нан астам арнайы киім жиынтығы тегін тігілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«ГЛОБАЛ-Спецодежда» тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресушілерге 1057 бірлік арнайы киім тіккен. Ыңғайлы және жылы киім жиынтықтары Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының құтқарушылары мен еріктілеріне тегін таратылды.

«Көктемгі су тасқыны біздің аймақтың тұрғындарын әбігерге салды. Біз осындай қолайсыз ауа-райында еңбектеніп, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева.

Айта кетейік, «ГЛОБАЛ-Спецодежда» қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде де белсенділік танытуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға