Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болды

Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ
12.04.2024 11:30
1829
Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір жыл бұрын Бексұлтан Әбубәкір мектептегі еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуір сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалғаны анықталды. Жедел жәрдем шақырылған, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Қазіргі таңда баланың өлімінің себебі анықталуда.
Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне селқос қарау). Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе қалалық полиция департаменті.
Бөлісу:
