Жаңалықтар

Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан бала қаза тапты

Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан бала қаза тапты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.05.2023 22:17 689

Ақтөбеде скутер жүргізген 16 жастағы бала жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы қала көшелерінің бірінде болған.

31 мамыр Ә. Джангилдин мен Д. Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан. Скутерді 16 жасар бала басқарған. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ішкі істер ведомствосы скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер ол жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керектігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға