Жаңалықтар

Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен

Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен
Фото: © Polisia.kz 18.07.2023 16:34 1135

Ақтөбеде кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен шетелдік азаматтар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz мәліметінше, 15 шілдеде белгісіз тұлғалар кілт таңдау арқылы Ақтөбе қаласында пәтерге заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны жасырын ұрлаған. Ұрылар 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Оқи отырыңыз:

Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды. Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша қаражаты алынды. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға