Жаңалықтар

Ақтөбеде шаруалардың мәселелерді талқылады

Ақтөбеде шаруалардың мәселелерді талқылады
Фото: gov.kz 12.12.2023 23:27 800

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің өкілдері ақтөбелік шаруалармен кездесіп, өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаруалар жемшөп құнын төмендетуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялау нормаларын қайта қарауды сұрады. Жиналғандарға 2023 жылы Ақтөбе облысының бюджетінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 8,3 млрд теңге бөлінгені түсіндірілді. Оның ішінде мал азығын субсидиялауға 2,9 млрд теңге бағытталған. Осы қаражаттың жартысы, яғни, 4,6 млрд теңге игерілді, сондықтан субсидиялау жүйесі бойынша фермерлер жыл соңына дейін қолдау алады. Бұдан бөлек, аймақ диқандарына машина-трактор паркін жаңартуға 9,3 миллиард теңге бөлінді. Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында облыста сүт пен ет өңдейтін, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорындар және басқа да шағын және орта бизнес жобалары пайда болды.

Бұдан соң шаруалар «Аграрлық несие корпорациясы » мен «Қазагроқаржы» АҚ-рын қайта құру арқылы министрлік жанынан «Агробанк» ашу мәселесін көтерді. Министрлік өкілдері бұл мәселенің көптен бері талқыланып келе жатқанын, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптар қолдау білдірсе жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Ақтөбелік шаруалар республикалық бюджет есебінен қаражат бөлу, мерзімі өткен және несие тарихы нашарлаған пайыздық мөлшерлемелер бойынша субсидиялар төлеу мәселелерін де ортаға салды. Фермерлерге 2023 жылы Үкімет резервінен 30 млрд-тан өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына бөлінгені айтылды. Күні кеше Үкімет азық-түлік корпорациясы желісі бойынша отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен астықты тікелей сатып алуға 31 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін инвестициялық субсидиялауға және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 30 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталуда.

 Айта кету керек, 2023 жылдың басында Ақтөбе облысының бюджетінде несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген болатын. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Үкіметінің резервінен қосымша қаражат бөлу туралы өтінішті қарастыруда.

Кездесуде шаруаларды толғандырған сауалдардың барлығына министрлік пен оның ведомстволық ұйымдарының өкілдері жан-жақты жауап беріп, кей мәселелерді әлде де жан-жақты нақтылау қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға