Жаңалықтар

Ақтөбеде қайтыс болған адамдар да баспана кезегінде тұрған

Ақтөбеде қайтыс болған адамдар да баспана кезегінде тұрған
Фото: pixabay.com 27.08.2024 14:07 360

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға