Жаңалықтар

Ақтөбеде полиция өрт кезінде адамдарды аман алып шықты

Ақтөбеде полиция өрт кезінде адамдарды аман алып шықты
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 02.03.2024 11:41 786

Ақтөбе облысында полиция қызметкері өз өмірін қатерге тіге отырып бүкіл отбасын өрт құрсауынан құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ІІМ-нің мәліметі бойынша оқиға 1 наурыз күні таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан.

Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған.

Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен. Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға