Ақтөбеде полиция масаң күйде болған көлік ұрысын ұстады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
03.04.2024 15:40
497
3 сәуір күні түнде 102 арнасына Алға ауданының Маржанбұлақ ауылынан KIA автокөлігін өз туысының заңсыз алып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері көлікті бейнебақылау камераларының көмегімен Ақтөбе қаласындағы көшелердің бірінен тапты.
Әбілқайыр хан даңғылында жол бұрылысына сыймай аударылып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.
Көлікті мас күйде басқарған күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.
Енді ол заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік заңнамасының бірнеше баптары бойынша жауапқа тартылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды