Жаңалықтар

Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметкерлері ұсталды

Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметкерлері ұсталды
Фото: © Polisia.kz 09.06.2023 04:38 964

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ақтөбе облыстық Мамандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудегі заң бұзушылықтар туралы ақпарат  түскен.

Осы факті бойынша аудиттік тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесімен Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

6 маусым күні лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-тараж ету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға