Ақтөбеде лаңкестікті насихаттаған екі тұрғын ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
16.09.2023 12:20
820
Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы шара кезінде лаңкестікті насихаттау бойынша күдікпен еліміздің екі азаматы ұсталған. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленіп отыр.
Қазіргі уақытта аталған материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға