Ақтөбеде көпірдің астынан студенттің денесі табылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
15.09.2023 13:04
764
Ақтөбе қаласында жоғары оқу орнының студенті өз-өзіне қол салды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі көпір астынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ақтөбе қаласында 2004 жылы туған жігітке іздеу жарияланып, еріктілер хабарлама таратты. Студент 13-қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кетіп, оралмаған. Кейін студенттің денесі табылды.
«14-қыркүйек күні сағат 19:30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан, «Юрта» мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептері анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұл студент Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқиды.
«Жұбанов университеті дүниеден озған студенттің ата-анасына және жақындарына қайғырып көңіл айтады. Студенттің аты-жөні оның отбасына деген құрмет пен жеке деректерін сақтап қалу үшін жарияланбады. Ол жарқын жүзді, болашағынан үміт күттіретін студенттердің бірі еді. Сабақ үлгерімі жақсы, белсенді студенттердің қатарында болды. Бұл – бәріміз үшін де орны толмас қайғылы жағдай. Қалалық полиция департаментінде аталған жағдай бойынша тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Университет тарапынан білім алушының отбасына барынша қолдау көрсетіледі»,- деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құмар ойындар себеп: елімізде 2620 адам өз-өзіне қол жұмсаған
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты