Жаңалықтар

Ақтөбеде көлікте тірідей жанып кеткендердің жартысы - балалар

Ақтөбеде көлікте тірідей жанып кеткендердің жартысы - балалар
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД 06.03.2024 14:16 1505

Ақтөбеде облысында болған жол апатынан қаза тапқан сегіз адамның тең жартысы - оқушылар,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан хабарлады.

Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде, — деді ол.

Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі - бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға