Ақтөбеде көлік жөндеу орталығында өрт шықты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
19.01.2025 19:31
645
Бүгін Ақтөбеде көлікке техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты. Қызыл жалын аумағы - 120 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндіршілердің арқасында қызыл жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді. Төтеншеліктер газ баллоны жарылуының алдын алды.
ТЖМ мәліметінше, өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Өрт кезінде екі жеңіл автокөлік жанып, екі автокөлік жылу әсерінен зақымданған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда көлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргінші мерт болды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді