Жаңалықтар

Ақтөбеде көлік тасымалдаумен айналысқан алаяқ ұсталды

Ақтөбеде көлік тасымалдаумен айналысқан алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz 10.03.2023 20:32 1341

Ақтөбе полицейлері автокөлікті тасымалдаумен байланысты алаяқтықты ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға Шымкент қаласының тұрғыны Ақтау қаласынан Астана қаласына екі кроссоверді алып келуге уәде берген белгісіз адамның автокөліктерді иемденгені туралы арызданды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті өзін автовоздын жүргізушісі ретінде көрсетіп, көліктерді жеткізіп беруге уәде бергені анықталды. Содан кейін Ақтөбе қаласына дейін автовоз жалдап, “іздерін жабу” үшін Ақтөбеде автокөліктерді басқа автовозға тиеп, Алматы қаласына жөнелткен. Mitsubishi Montero Sport маркалы екі автокөлік оңтүстік астанада тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - делінген ақпаратта.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің  190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға