Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің мәйіті табылды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
16.06.2024 08:37
1049
Ақтөбе қаласында базарға көлігін сатуға апарған келіншекті өлтіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Облыстық полиция депаратаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9 маусымда 55 жастағы әйел өз көлігін сату үшін автокөлік базарына барған. Бірақ үйіне қайтып келмей қалған соң туыстары бірден полицияға хабар берген.
Бұл хабарлама бойынша жеке құрам шұғыл көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оның тұрғылықты жерінің гаражынан ұрланған автокөлік тәркіленді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді полицейлер.
Ал хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті қала маңынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99, 192-баптары (кісі өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті