Жаңалықтар

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: El.kz 19.05.2023 19:45 757

Ақтөбеде қылмыстық бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, облыс аумағында адамдарды бопсалаған төрт адам ұсталған.

Олар кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға «Тойота Камри» автокөлігін рәсімдеуді талап еткені анықталды.

Биыл 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді, - делінген полиция таратқан хабарламада.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы 3-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға