Ақтөбеде «JAN AHUAL» орталығы 600-ден астам тұрғынға кеңес берді

Ақтөбеде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында ашылғалы бері 600-ден астам консультация өткізіп, мазасыздық, қорқыту және басқа да стресстік жағдайларға ұшырағандарға қолдау көрсеткен, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық мамандары тек балалармен жұмыс істеп қана қоймай, олардың ата-аналарымен де тұрақты байланыс орнатуды көздейді. Сонымен қатар, орталыққа анонимді жолығу мүмкіндігі қарастырылған. Оның ішінде онлайн-консультациялар және жедел желі арқылы мамандардан құпия түрде көмек алуға болады.
Психологиялық көмекке жүгіну – ұят емес, бұл жақындарыңызбен жайлы орта қалыптастыруға жасалған қадам. Біз сіздердің психологиялық саулығыңызды қамтамасыз етеміз. Құпиялылыққа толық кепілдік береміз, - дейді орталық директоры Айбек Айтбаганбетов.
Ата-аналар мен оқушыларға психологиялық көмек беруге арналған байланыс нөмірі:8 702 031 25 22. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істейді және құпиялылық сақталады.
