Ақтөбеде ішінде бала болған дүкен өртеніп кетті

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
12.07.2024 09:29
785
Ақтөбеде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды.
ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін 40 градусқа дейін ыстық болады