Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
22.02.2025 22:07
676
Ақтөбеде ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлаған адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, құтқару операциясы Астана ауданының «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында өткізілді. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі 3 метрге жуық ашық құдыққа түсіп, өз бетінше шыға алмаған.
ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, құдыққа баспалдақты орнатып, сол арқылы ер адам жоғарыға көтерілді. Құтқарылған адам үйіне жеткізілді. Құтқарушылар құдықты жауып қойды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Азия чемпионаты: қазақстандық семсерлесуші үздік үштікке енді
Келесі жаңалық
Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті