Жаңалықтар

Ақтөбеде бюджет қаржысын жымқырған жалған ұйым анықталды

Ақтөбеде бюджет қаржысын жымқырған жалған ұйым анықталды
Фото: trudcontrol.ru 03.03.2023 10:51 856

Ақтөбе облысында жалған шот-фактура жазып беру арқылы қомақты қаржы жымқырған ЖШС-ның әрекеті әшкереленді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеген.

"Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуге тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдониннің қазір қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратынын және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті", – делінген хабарламада.

Сот шешімімен ЖШС-ның мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға