Жаңалықтар

Ақтөбеде бірнеше оқушы тәттіден уланды

Ақтөбеде бірнеше оқушы тәттіден уланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.02.2025 23:13 491

Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп оқушылары белгісіз тәттіден уланып қалды. Оқиға кеше 18 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір оқушы бала мектепке тәтті алып барған. Оны өзі жеп қана қоймай, сыныптастарымен бөліскен. Кейін барлық баланың мазасы қашқан. Ауруханаға барлығы 23 бала түскен. Ал тәттіні тек 7 бала жеген екен. Бірақ басқа оқушыларға да кері әсері тиген. Олардың көздері жасаурап, денесі қышыған. Қазіргі уақытта балалар жеген тәтті сараптамаға жіберілді. 

Дәрігерлер тексеріп, 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кеткен. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады,- делінген басқарма мәліметінде.   

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға