Жаңалықтар

Ақтөбеде бір табын жылқы қар астында қалып, үсіп өлді

Ақтөбеде бір табын жылқы қар астында қалып, үсіп өлді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 14.02.2024 11:30 1050

Ақтөбе облысында аптаға созылған боранда жылқылар қар астында қалып, үсіп өлді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мұғалжар ауданында қарға батқан бір үйір жылқыны Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан. Денелері толық қар астында қалған, тек кейбірінің басы ғана қардан шығып жатыр.

Қараған арасында жеті жылқы малының өлімтігі табылды.Қазіргі таңда осы жеті малдың иелерін анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде, - деді Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбет.

Тұрғындар мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, жылқылар алыс елді мекендердің бірінен ығып келуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға