Жаңалықтар

Ақтөбеде балалар мінген көлікті басқарып апатқа ұшыраған директордың орынбасарына үкім шықты

Ақтөбеде балалар мінген көлікті басқарып апатқа ұшыраған директордың орынбасарына үкім шықты
Фото: © Pixabay.com 12.08.2023 12:55 1321
Ақтөбе облысында оқушыларды жарысқа апара жатып, апатқа ұшыраған кезде көлік жүргізген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
 
Қайғылы оқиғадан кейін директордың орынбасары екі жарым жыл бойы қамауда болған.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деген үкім шығарды Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мираш Жүгінісова.
Бұл оқиға осыдан тоғыз ай бұрын өңірдің Темір ауданында тіркелген еді. Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына жарысқа шыққан Toyota Estima көлігі аударылып, ішінде отырған тоғыз оқушы мен жаттықтырушы зардап шеккен болатын. 
 
Апат кезінде бір бала оқиға орнында көз жұмса, тағы екі бала орташа ауыр жағдайға ұшырады. Сонымен бірге, 4 бала мен жаттықтырушы жарақат алған.
 
Жарақат алған оқушылар аман болғанымен, олардың бапкері төсекке таңылып, жағдайы тым ауыр қалыпқа түскен.  Оның қазір Алматыда емделіп жатқаны мәлім болды. Осы бапкердің еміне сотталушы 5 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс және бөлек шығынға қатысты іс тағы азаматтық сотта қаралмақ. Алайда шағым білдірген тарап мұнымен келіспей отыр.
4 миллион 470 мың беріп отырмын. Әр жағына 5 миллион тағы беріп отырсыздар. Мен 10 миллион беремін ғой сонда. Онымен қоймай өзі сотталып кетеді. Мен үш баланы бағамын ба, бес миллионды төлеп беремін бе?!", - дейді сотталушының әйелі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға