Жаңалықтар

Ақтөбеде автоломбардтың атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Ақтөбеде автоломбардтың атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды
Фото: baribar.kz 06.02.2023 13:11 1547

Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша ұйымдасқан қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Қаржы мониторинг агенттігі хабарлағандай, салымшылардың көлігін бөліп төлеу арқылы, нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алып, үшінші тұлғаларға арзанырақ сатқан.

«Аталған қылмысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады. «Auto Seller» ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс істеген. Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады», деп хабарлады ведомстводан.

Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленді.

«Auto Seller» ЖШС заңды мекенжайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді. Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға