Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Қаза болғандар бар

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
22.08.2023 21:13
952
Ақтөбе қаласында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістандағы сұмдық жайт: Әкім қара жамылған әулетке барды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді