Жаңалықтар

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 76 ақбөкен мүйізі тәркіленді

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 76 ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz 17.02.2023 16:05 1054

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзактағы 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды.

Баптың санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға