Жаңалықтар

Ақтөбеде ауыл маңында ойнап жүрген бала суға батып кетті

Ақтөбеде ауыл маңында ойнап жүрген бала суға батып кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.03.2024 05:28 740

Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді.

Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға