Жаңалықтар

Ақтөбеде әскери қызметкер 23 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген

Ақтөбеде әскери қызметкер 23 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген
Фото: Қорғаныс министрлігі 18.03.2024 16:41 590

Ақтөбеде әскери қызметкер бюджетке тиесілі 23 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің үкімін жариялады.

Сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы лауазымында бола тұра, басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын ұтыстар арқылы өтеу пиғылымен, аталған қаржыны құмар ойынға салған. Нәтижесінде, мемлекетке ірі көлемде 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Оны сот әскери атағынан айырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға