Жаңалықтар

Ақтөбеде арнайы санаттағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

Ақтөбеде арнайы санаттағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 22.07.2024 08:34 509

Су тасқыны кезінде зардап шеккен 31 ақтөбелікке пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, баспаналар «Юнис сити» мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілген.

Темір Заровтың отбасы - су тасқынынан жапа шеккендердің бірі. «Нефтяник» бау-бақша ұжымындағы үйі комиссия шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған. Қиын-қыстау уақытта олар отбасымен бірге эвакуациялық бекеттерді уақытша паналады.  

Барлығымыз мектепте жаттық. Одан кейін Опытнайдағы  колледждің жатақханасында тұрдық. Ондағы әрбір отбасыға көмек берілді. Көп-көп рахмет. Баспаналы болдық. Көмектескен жандарға алғыс айтамын, - деді отағасы Темір Заров.

Баспанасы суға кеткендердің көбі - арнайы санаттағы отбасылар. Берілген су жаңа пәтер заңды түрде үй иесінің атына жазылады, яғни пәтерді алған тұрғын иесі кез келген уақытта сата алады немесе кепілге қоя алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға